Skip to Content

Тамақтан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

Егер тамақ дәмді болса, оның бір тілімінде түсіріп алмау үшін өте ақырын жейміз. Бірақ жағымсыздықтар да болады, ал отырғызылған дақтар лас әрі жабысқақ болады. Бақытқа орай, олар әрқашан да бола бермейді. Persil дұрыс жуғыш құралын пайдалана отырып, Сіз футболкалардан, шалбардан және басқа заттардан тамақ дақтарын кетіре аласыз.

Тамақтан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

Тамақ дақтарынің түрлері

Сіздің киіміңізде дақты қалдыра алатын көптеген тамақ түрлері бар, олардың ішінде:

  • кәуап
  • спагетти
  • пицца
  • желе десерті
  • желе
  • ірімшік
  • паста
  • тауық еті
  • фаст-фуд

Тіпті кейде тамақ жөнді қорытылмай құсық пайда болатын жағдайлар да болады. Егер сіз осы азық өнімдері сіздің гардеробыңыздың бір бөлігі ұзаққа қалмағаннын қаламасаңыз, олардан тезірек құтылу керек. Оны келесі түрде жасауға болады.

Тамақ дақтарын кетіру: қадам-қадаммен

 
  1. Persil жуғыш құралын және дақкетіргішін алыңыз.
  2. Қатты бөлшектерді және сұйықтықтың қалдықтарын жойыңыз, сосын суық сумен жуып шығыңыз.
  3.  Persil  жуғыш құралын тамақ даққа жағыңыз да бірнеше уақытқа қалдырыңыз.
  4. Мата үшін қауіпсіз болатындай барынша ыстық суда жуып шайыңыз.
  5. Дақтың кеткеніне көз жеткізіңіз.

Жуғыш затты және дақкетіргішті таңдау

Алдымен киімдегі заттаңбаны қарап шығыңыз және оны жууға болатынына көз жеткізіңіз. Егер мүмкін болса:

Дақ орнын алдын ала өңдеу

Алдымен артық қатты бөлшектерді қырып тастау үшін пластик қасықты пайдаланыңыз және артық сұйықтықты таза ақ матамен сорып алыңыз. Сосын дақ түскен киімді теріс айналдырыңыз және теріс жағынан суық сумен жуып жіберіңіз. Persil дақкетіргішін және жуғыш құралын дақтың беткі жағына жағыңыз да бес минут ішінде әсерін тигізуге жол беріңіз.

Кір жуу және шаю

Дақты толығымен кетіру үшін, жуғыш құралды жуып тастаңыз да осы мата үшін рұқсат берілетін ең жоғары температурада суда жуыңыз. Бұл ақпаратты Сіз киімнің заттаңбасында таба аласыз.

Жуғаннан кейін дақты тексеріңіз.

Ол кетті ме? Егер кетсе, онда жақсы. Егер кетпесе, Persil жуғыш құралының сумен ерітіндісін жасаңыз және қайта жуар алдында киімді бірнеше сағатқа жібітіңіз.

Тамақ дақтарын маталар мен тоқыма бұйымдарының ерекше түрлерінен кетіру.

Егер Сізде шалбарыңызда, жейделеріңізде тамақтан қалған дақтар болса, әдеттегідей, жоғары сипатталған қадамдар олардан құтылуға мүмкіндік береді. Дегенмен, егер киімнің заттаңбасында оның жууға жатпайтыны көрсетілсе, Сізге тамақ дағын өңдеу керек. Бұл үшін жай ғана жуғыш затты жағыңыз, жуып атстаңыз, құрғақтап жіберіңіз және дақ кетпегенше қайталай беріңіз.

Егер сіз жүн немесе жібек сияқты, тек қана қолмен жуу рұқсат етілген маталарға тап болсаңыз, онда жуғыш құрал және дақтарды кетіруге арналған құрал ретінде Perwoll Wool пайдаланыңыз.

Қызыл, сары және ақ түсті киімнен тамақ дақтарын кетіру

Мүмкіндігінше қызыл, сары, ақ және кез келген басқа түсті киімде лимон қышқылын немесе ағартқышты пайдаланбаңыз. Тіпті ақ киімде де түс айтарлықтай ақшылдану мүмкін, сол себептен жейденің қалған жағы дақ болған жерден ерекшелену мүмкін.

Сүйікті футболкаңызға тамақты кездейсоқ тамызып жібердіңіз бе? Бұл кеңестер Сізге тамақ дақтарын тез кетіруге көмектеседі.

Соңғы рет түскі ас қабылдаған кезде ауызыңызға жеткізе алмадыңыз ба? Уайымдамаңыз. Тамақ дақтарын кетіру сізге көрінгеннен аса қиын емес.

  • ЖҚС

    ЖҚС

  • Кір жуу туралы кеңестер

    Кір жуу жөніндегі пайдалы кеңестер

  • ЖҚС

    ЖҚС

  • Кір жуу туралы кеңестер

    Кір жуу жөніндегі пайдалы кеңестер

Қосымша өнімдер

  • Vernel-ден Балғындық гелі

    Persil Vernel-дің Тазалығы гелі

  • Color кір жуғыш ұнтағы

    Persil Көктемгі Балғындық кір жуғыш ұнтағы

  • FbV кір жуғыш ұнтағы

    Persil Vernel-дің Тазалығы кір жуғыш ұнтағы

  • Vernel-ден Балғындық гелі

    Persil Vernel-дің Тазалығы гелі

  • Color кір жуғыш ұнтағы

    Persil Көктемгі Балғындық кір жуғыш ұнтағы

  • FbV кір жуғыш ұнтағы

    Persil Vernel-дің Тазалығы кір жуғыш ұнтағы

Latest articles

  • Шырыннан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

    Шырыннан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

  • Киімнен және маталардан дезодоранттан қалған дақтарды қалай кетіру керек

    Киімнен және маталардан дезодоранттан қалған дақтарды қалай кетіру керек

  • Куркумадан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

    Куркумадан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

  • Шырыннан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

    Шырыннан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

  • Киімнен және маталардан дезодоранттан қалған дақтарды қалай кетіру керек

    Киімнен және маталардан дезодоранттан қалған дақтарды қалай кетіру керек

  • Куркумадан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

    Куркумадан қалған дақтарды қалай кетіруге болады