Өзіңізге Persil тарихын ашыңыз
1907-жылдан бері
1907 жылы году "Henkel" компаниясының химиктері екі компоненттті - натрий силикаты мен натрийперборатын біріктіріп, кір жуу үдерісін түбегейлі өзгертті. Кірді қайнату кезінде оттегі көпіршіктері көп мөлшерде шығуының арқасында кір заттарды жағымсыз иіссіз жұмсақ ағартуға мүмкіндік туды. Оның үстіне, кірді кір тақтайға салып үйкелеп жуу сияқты қажытатын ауыр қол еңбегі келмеске кетті. Сөйтіп, белсенді әсер ететін алғашқы кір жуғыш ұнтақ - Persil пайда болды. Жаңа өнім туралы алғашқы жарнамалық хабарландыру 1907 жылғы 6-маусымда Дюссельдорф газетінде жарияланды. Содан соң қолмен толтырылатын жұқа картон қорапшаларға салынған Persil бөлшек саудаға шықты.
Сол қолына Persil-дің қорапшасын ұстаған аппақ киім киген әйелдің бейнесі бірнеше ұрпақтардың жадында қалды. 1922 жылы компаниядан жарнамалық плакат жасауға тапсырыс алған Берлиннің атақты суретшісі әрі карикатурашысы Курт Хайлигенштэдтке 18-жасар құрбысы көмекке келген. Олар Александерплатцтағы дүкенге барып, ақ көйлек сатып алған. Сөйтіп, басына кең жиекті шляпа киіп, бір қолына кір жуғыш ұнтақтың қорабын ұстап тұрған ақ көйлекті қыздың бейнесін суретші қағазға түсірген. Жарнама тақталарын ғана емес, бүкіл плакаттарды, үйлердің төбелерін, тіпті көше сағаттарының циферблаттарына дейін жаулап алған сол ақ көйлекті қыздың суреті ондаған жылдар бойы Persil-дің басты жарнамалық бейнесі болып келеді.
Бүкіл ауаға өзі осы сәтті күту лебі тарағандай. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған соң дүкендерге Persil қайта түсіп, оның 70%-ы бірден сатып алынды. Адамдардыңкөбі үшін Persil - бейбіт өмірге оралу символы іспеттес болды. Рейн көпірінің үстіндегі орасан жерді алып тұрған жарнамалық тақта: "Біздің үйге Дюссельдорфтан Persil қайта келеді", - деп жарияға жар салды.Жарқ-жұрқ еткен неон жарнама, жарнамалық жалаушалар мен постерлер бүкіл Германияға қайтадан Persil туралы жариялады. Тек ұнтақтың формуласы сәл өзгерді - оған қосымша ағартқыш компонент қосылып, соның арқасында жуылған ақжаймалар бұрынғыдан да таза әрі аппақ бола бастады.
"Persil 59" - Германияда "Henkel" компаниясының арқасында пайда болған алғашқы аса күшті синтетикалық кір жуғыш ұнтақ. Жаңа компонентері - синтетикалық анионды үстірт белсенді заттар, көбік шығарғыш катализатор және тазалық хош иісін беретін қоспа Persil-ді бүкіл тарихында ең үздік кір жуғыш ұнтақ ретінде танытты. Қалай болса да, оны қалың бұқараға таратқан жарнамалық науқан барысында осы сөздер айтылды. Сонымен қатар брендті тұтынушыға жеткізу үшін енді кәсіби жарнама агенттігі жауап беретін болды. Ал өнімнің өзіне келер болсақ, оның формуласы ғана емес, қаптамасының дизайны да айтарлықтай өзгертілді.
1970 жылы "ең үздік" Persil ұнтағы промо-науқаны алғаш рет зор табысқа ие болды. Содан бері Persil-дің жарнамалық науқандарында "барлық замандардың ең үздік Persil-і" қызыл жемелекпен ерекшеленіп белгіленетін болды. Persil 70 нұсқасы қаптамасының дизайны жаңартылып, енді ол Германияда ғана емес, Еуропаның басқа да елдерінде сатылатын болды.
Осы жаңа өнім пайда болғаннан кейін бұрынғы "қатып қалған" қағида өзгеріп, Persil-дің атауына шыққан жылы қосылмайтын болды. "Henkel" компаниясы өнімнің формуласын тағы өзгертіп, жетілдірді. Кір жуғыш машиналарды тоттанудан қорғау үшін ұнтақтың құрамына алғаш рет тот ингибиторы қосылды. Енді өнімнің жарнамасы: "Persil - сіздің сеніміңізге ие болған ұнтақ" деген жаңа ұранмен шығатын болды. Бұдан былай сатып алушылардың санасында ол осы сөз арқылы жатталатын болды.
Қоршаған ортаны қорғау - сексенінші жылдардың ең маңызды мәселесі. Ал Henkel компаниясында оның тарихы терең. Үстіртбелсенді заттардың ыдырау мүмкіндігін зерттеу нәтижесінде 1966 жылы "Фосфатты алмастыру" зерттеу жобасы пайда болды. Оның қажеті бар еді, себебі матаны ластанудан тазартанын ҮБЗ мен суды жұмсартатын фосфаттар - осы екі компонент те су қорын ластайды. Сөйтіп, табиғатта белсенді түрде ыдырайтын ҮБЗ жасап шығарылды. Ал фосфаттардың баламасы ретінде зерттушілер 1973 жылы патенттелген Zeolith A (Sasil®) затын қолдана бастады.
Persil өнімдерінің ассортименті қайтадан көбейтілді. Бұл жолы "Henkel" компаниясы кір жууға арналған сұйық Persil құралын ұсынды. Жуғыш құралдардың қалыптасқан нарығында төңкеріс болуы күтілді, себебі енді үстірт белсенді заттардың жоғары мөлшерде болуы арқасында дақтарды төмен температураларда ( 60° C дейінгі) кетіруге болатын жағдай туды.
Бұрынғыдан тиімдірек әрі үнемдірек жуғыш құралдың шығарылғаны Persil өнімінің тарихындағы маңызды кезең болды. "Henkel" компаниясы бес жыл ішінде белсенді компоненттердің жоғары мөлшерін қамтамасыз ету тәсілін әзірлеп шығарды. Өндірістің ірі жетістігіне айналған осы революциялық технология кіржууға арналған құралдардың жаңа буынын тудырды, яғни ұнтақ орнына гранулалар қолданыла бастады. Енді 290 миллилитр дәстүрлі ұнтақтың орнына 95 миллилитр жаңа жуғыш құралды пайдалануға мүмкіндік туды. 1,6 кг-дық "терезелі" қаптамада шығарылатын Persil Күшті гранулалар Henkel -ді жаңашыл компаниялар арасында алғашқы қатарға шығарды. Жаңа технология бүкіл Еуропа аумағында патенттелді.
Кір жууды барынша ыңғайлы ету үшін "Henkel" компаниясы таблетка түрінде тиімділігі аса жоғары кір жуғыш ұнтақ шығарды. Persil Tabs құрамындағы қатты нығыздалған бөлшектер ақ және көгілдір түсті екі бөлікке бөлінген. Осы мөлшерленген құралды кір жуғыш ұнтақты салатын бөлігіне салыңыз да, кірді жуа беріңіз.
"Henkel" компаниясы терісі сезімтал және тері аллергиясына душар болған адамдарға арналған өнім шығару мақсатында Астма және аллергия ауруларымен күресу қауымдастығымен бірлесіп әрекет ете бастады. Жаңа шығарыла бастаған Persil Sensitive ұнтағының ерекшелігі кірді жақсы жуатындығы және терінің барлық түрлері үшін қолдануға жарамдылығы.
2003 жылы Persil сіңіп қалған дақтарды 40° C температурасында жақсы кетіріп, матаны ұқыптап күтуді жалғастырған жаңа ұнтағын ұсынды.
Persil Vernel-дің балғын тазалығы жаңа өнімін пайдаланып, Сіз мінсіз тазалық пен хош иістің және Vernel-дің жұмсақтығы үйлесімін сезесіз. Жаңа өнім Германиядағы нөмірі бірінші жуғыш құралдар ассортиментін толықтырып, тазалық, жұмсақтық және балғындықты жаңаша сезіндіреді.
Бұл жылы Persil жүз жылдық мерейтойын атап өтті, ал нарықта формуласы жетілдіріліп, қаптамасы жаңартылған жуғыш құралдар пайда болды.
Сапа мен тиімділіктің ең жоғары стандарттарына сай келетін Persil GOLD суық суда жуған жағдайда да киімдеріңіз бен төсек жабдықтарыңыздың мінсіз тазалығын қамтамасыз ете отырып, жап-жаңа түрін сақтайды. Оның тағы бір артықшылығы - электр энергиясының үнемделіп, қоршаған ортаның қорғалатыны.
2009жылдың маусым айында Persil Арктика қуаты супер-концентраты шығарылды. Бұл өнімнің 750 мл-лік шөлмекке құйылған екі нұсқасы шықты - әмбебап қолданысқа арналған және түрлі-түсті маталарға арналған Құрамындағы жуғыш құралдардың жоғары мөлшерде болуының арқасында жарты қақпақшасын құйсаңыз, 15° C-та киім-кешегіңіз тап-таза болып, түр-түсі сақталады.
Persil Hygiene Spüler жаңа құралы заттарыңызды мінсіз тазартып қана қоймай, салқын судың өзінде (15° C-тан бастап) бактериялар мен вирустардың 99,99%-на дейін ойып, гигиеналық тазалық шарттарына толық сәйкестендіреді. Сондай-ақ ол теріні қышытпайды, маталардың түсін оңдырмайды және жұқартпайды. Persil Hygiene Spüler маталардың барлық типтеріне және кір жуудың барлық түрлеріне жарай береді. Бактерицидтерді абайлап қолданған жөн. Киімнің құлақшасындағы жәнеқұралдың қаптамасындағы ақпаратты алдын ала мұқият оқып алыңыз.
2011 жылы Persil жуылған кіпді айнадай жарқыратудың жаңа формуласымен таныстырды. Қақтың ең ұсақ бөлшектері мен сіңіп қалған кірдің жойылуы арқасында заттарыңыз айнадай таза болып жарқырайды. Ал өнімнің қаптамасы қанық әрі айшықты болды.
Persil-дің жаңа орнықты формуласы қара және қою түсті заттарға ерекше қорғау мүмкіндігін береді. Ол бірнеше рет жуғанда да матаның түсін оңдырмай, заттардың түсі мен айшықтығын сақтайды. Соның арқасында әлі ұзақ уақыт қара түсті киімдеріңізді қуана кие алатын боласыз.
Persil Mega Caps Henkel жаңа капсулалары - инновациялық жуғыш құралдарды зерттеу мен әзірлеу нәтижесінде пайда болған құрал. Жуғыш құралдың алдын ала тексеріліп белгіленген мөлшерін тура барабанның ішіне салу мүмкіндігі алғаш рет пайда болды. Кішкентай ғана "жастықшалар" кір жуу барысында толық еріп, керемет нәтиже береді.