Шырыннан қалған дақтарды қалай кетіруге болады
Жаңа сығылған шырынның құрамында бар қоректік заттар салауатты тамақтанудың қажетті құрамдас бөлігі болып табылады. Балалардың оны ішуді жақсы көретіні тамаша. Жалғыз мәселе балалардың былғануға бейім болғанында тұрады, және Сіз көзіңізді ашып-жұмып үлгергенше шырын біреудің жейдесіне құйылып кетеді. Мұндай жағдайда не істеу керек? Міне әрі қарай не істейтіні туралы бірнеше кеңес.
Шырыннан қалған дақтардың түрлері
Жеміс-жидектер мен көкөністерден біз кез келген шырынды дайындай аламыз, мысалы:
- жүзім шырыны,
- лимон шырыны,
- Kool-Аid сусыны,
- шие шырыны,
- мүкжидек шырыны,
- балдыркөк шырыны,
- қызылша шырыны,
- құлпынай шырыны,
- томат шырыны,
- алма шырыны,
- анар шырыны,
- сәбіз шырыны,
Дақтың жеміс немесе көкөніс шырынынан қалғаны мағызы жоқ, оны кетіруге үлгеру үшін, сіз тез қимылдау керексіз.
Шырыннан қалған дақтарды кетіру: қадам-қадаммен
- Persil жуғыш құралын және дақкетіргішін алыңыз.
- Мүмкіндігінше көбірек сұйықтықты кетіріңіз.
- Теріс жағынан суық су ағыншасымен жуып жіберіңіз.
- Persil жуғыш құралыңызды даққа беткі жағынан жағыңыз.
- Мата үшін қауіпсіз болатындай барынша ыстық суда жуыңыз.
- Дақтың кеткенін тексеріңіз.
Жуғыш затты және дақкетіргішті таңдау
Ең біріншісі - осы мата түрінде пайдалануға қауіпсіз және киімнің түсіне сәйкес келетін жуғыш құрал қолдың астында болу керек. Пайдалану:
- Perwoll Wool нәзік маталар үшін
- Түрлі-түсті мата үшін Persil Color немесе Persil Color Gel
- Ақ мата үшін Persil Universal немесе Persil Power Gel.
Алдын ала өңдеу
Барынша көбірек сұйықтықты кетіру үшін, таза ақ матамен дақты және дақтың айналасын сорып алыңыз. Сосын киімді теріс аударыңыз. Теріс жағынан суық су ағыншасымен жуып жіберіңіз. Сосын киімді беткі жағына аударыңыз да даққа Persil жуғыш құралын жағыңыз. Оның әсерін тигізуге бернеше минут беріңіз.
Кір жуу және шаю
Киімнің заттаңбасына қараңыз да мата үшін ең қауіпсіз, ең жоғары температураны біліңіз, сосын осы температурада жуыңыз.
Дақтың кеткенін тексеріңіз.
Кір жуғаннан кейін дақ әлі де қалып отыр ма? Әзірге кептірмеңіз. Оның орнына судың және Persil жуғыш құралының ерітіндісін жасаңыз. Киімді ерітіндіде бір сағаттың ішінде жібітіңіз. Кейбір төзімді дақтар үшін жібу үшін көбірек уақыт талап етілуі мүмкін.
Шырыннан қалған дақтарды маталар мен тоқыма бұйымдарының ерекше түрлерінен кетіру.
Шырын дақтарын полиэстерден, джинс матасынан немесе мақта жейделерден және шалбарлардан кетіру әдеттегі іс болып есептелгенімен, шырыннан қалған дақты тек бұл заттарға ғана есеп басқа маталарға да отырғызуға болады. Тағы жиһаз қаптауышы мен дастархандар бар. Олардың көбісін машинада жууға болмайды, сол себептен, сізге жеке орынды Perwoll Wool арнайы құралының көмегімен өңдеу керек болу мүмкін. Бұны жасау үшін барынша сұйықтық көлемін сіңіріп алуға тырысыңыз, өз жуғыш құралыңызды жағыңыз, шайыңыз және құрғағанша сорып алыңыз. Дақ көрінбей қалғанына дейін қайталап отырыңыз.
Ақ киімдегі қызыл шырыннан қалған дақтарды кетіру
Қызыл дақтарды, әсіресе ақ киімнен, кетіру өте қиын. Егер Сіз ақ киіміңіздегі құлпынай немесе мүкжидек шырыны дағынан құтылуға тырыссаңыз, осы қадамдарды нақты орындаңыз. Қызыл дақтарды кетіргенде, Сізге алдын ала өңдеу және жуу рәсімін мүмкін бірнеше рет қайталауға тура келетінін ескеріңіз.
Бұл дақтардың үмітсіз болып көрінгенімен, егер уақытты бекерге жоғалтпасақ, оларды кетіру әбден мүмкін болады. Бұны жасау үшін осы кеңестерді пайдаланыңыз.