Балауыз бордан және балауыздан қалған дақтарды қалай кетіруге болады
Мұндай ылғи орын алады. Сіз майшамдарды шағыр романтикалық кешкі асты жүргізуге тырысып отырсыз, ал тамшылайтын майшам балауызы сіздің әдемі дастарханыңызды бүлдіріп отыр. Немесе мынадай сценарийге қалай қарайсыз: сіздің бүлдіршініңіз кезекті рет өз қалталарын тазаламады, сол себептен сіз кептіргішке жасыл балауыз борды өткізіп алдыңыз. Ал енді сізге балқытылған ласпен тап болуға тура келеді.
Бордан және балауыздан қалған дақтарды жеңіп шығу оңай емес, бірақ, егер сіз кішкене уақыт жүмсауға дайын болсаңыз, осы дақтарды кетіруге әдбен мүмкін болады.
Балауыз бордан және балауыздан қалған дақтарға шолу
"Балауыз" деген сөзді естіген немесе көрген кезде сіз не туралы ойлайсыз? Майшамдар туралы, дұрыс қой? Балауызбен көьінесе майшамдарда тап бола алатынымен, балауыз сонымен қатар балауыз қыздырғыштарына арналған балауыз текшелері және балауыз борлары сияқты басқа нысандарда кездеседі.
Киіміңізде қалған балауыздан құтылу шын мәнінде қиын емес. Қиындық оның құрамына кіретін майшам майында және түрлі-түсті бояғышта тұрады.
Балауыз бордан және балауыздан қалған дақтарды кетіру: қадам-қадаммен
Сонымен, балқытылған балауыз борды, тамшылаған балауызды және қызыл балауыз дағын кетіру қалай болады? Келесі кеңестердің сізге балауыздың кейбір түрлерінен құтылуға көмектескенімен, кәсіби қарауды талап ететін белгілі бір түрлер болатынын ескеру керек.
Егер сіздің бор және балауыз дақтарынан өз күшімен құтылғыңыз келсе, келесі кеңестерді пайдаланыңыз:
- Persil жуғыш құралын және дақкетіргішін алыңыз.
- Даққа кебуге жол беріңіз.
- Кепкен балауызды немесе борды қасықпен немесе жүзі кеткен пышақпен қырып тастаңыз.
- Дақ жерін Persil жуғыш құралымен алдын ала өңдеңіз.
- Мата үшін қауіпсіз болатындай барынша ыстық суда жуыңыз.
- Кептірер алдында дақтың кеткенін тексеріңіз.
Жуғыш құралды таңдаңыз
Қалған балауыз майынан, сондай-ақ борлардың немесе майшамдардың құрамына кіретін кез келген бояғыштардан құтылу үшін сізге күшті жуғыш құрал керек болады. Ақ заттар үшін Persil Universal немесе Persil Power Gel, түрлі-түсті киім үшін Persil Color немесе Persil Color Gel және нәзік маталар үшін Perwoll Wool пайдаланыңыз.
Алдын ала өңдеу
Жуғыш құралды жағар алдында балауыздың кепкенін күтіңіз. Егер сіз асықсаңыз, балауызды мұз текшесімен мұздатып процесті жылдамдатуға болады. Ол қатқаннан кейін қатты материалды қасықпен немесе жүзі кеткен пышақпен қырып тастаңыз.
Содан кейін Persil жуғыш құралыңызды дақ жеріне молынан жағыңыз, ол жақсы сіңу керек. Бұл түрлі-түсті бояғышты да, майшам майын да кетіруге көмектеседі.
Кір жуу және шаю
Мата үшін барынша қауіпсіз температурада жуыңыз (ең жақсысы 50-60 Цельсий градусы). Дегенмен міндетті түрде киімнің заттаңбасында көрсетілген деректерді тексеріңіз, мата үшін қауіпсіз температурадан аспаңыз.
Дақты тексеріңіз
Егер бірінші кір жуғаннан кейін дақ әлі де қалса, осы қадамдарды қайталаңыз. Балауыздан қалған дақты кетіру мүмкін емес болу мүмкін. Осы жағдайда кәсіпқойларға жүгініңіз; матаны кептіргішке жібермеңіз.
Балауыз бордан және балауыздан қалған дақтарды маталар мен тоқыма бұйымдарының ерекше түрлерінен кетіру
Сонысмен, егер балауыз бордан немесе балауыздан қалған дақ кір жуғыш машинада жууға жатпайтын матада болып қалса не істеу керек? Мысалы, автокөлігіңіздің қаптауышы немесе кілеміңіз. Осы жағдайда жеке бір орынның өңдеуін орындауға тура келеді. Біріншіден, балауыз даққа кебуге жағдай жасаңыз, сосын қаншалықты мүмкін болса қырып алыңыз. Сосын жуғыш затты жағыңыз, ол әсерін ету үшін бірнеше уақытқа қалдырыңыз, содан кейін ыстық сумен жуып жіберіңіз. Құрғағанша кептіріңіз. Дақ кетпегенше қайталаңыз.
Қызыл балауыз бордан және балауыздан қалған дақтарды кетіру
Қызыл балауыз дақты кетіру айтарлықтай күрделі міндет болып табылады, әсіресе әңгіме ақ киім туралы болса. Осы түспен жұмыс істегенде шыдамдылық болу керек; қызыл бояғыш кеткенше, дақты кетіру рәсімін бірнеше рет қайталауға тура келу мүмкін.
Балауыз бордан және балауыздан қалған кепкен дақтарды кетіру
Жағымсыздықтар кейде орын алады және балауыздан немесе бордан қалған дақтар олар пайда болғаннан тек бірнеше күн өткенде ғана, немесе тіпті олар кептіргіштен өткеннен кейін табылған жағдайлар болады. Осы жағдайда оларды киімнен кетіру үшін үтігіңізді пайдаланыңыз. Үстінен екі қағаз пакетті немесе қағаз сүлгіні салыңыз, сосын даққа жылы үтік басыңыз. Үтіктің жылуы балауызды ерітеді, оны қағаз пакетке сіңуге мәжбүр етеді.
Балауызбен негізгі ластану кеткеннен кейін, майды, балауыздың және бояғыштың қалдықтарын кетіру үшін жоғары аталған қадамдарды пайдаланыңыз.
Балауыз бор жууға арналған заттардың ішінде қалып кетті ме? Балқыған майшам романтикалық кешкі асыңызды бұзып жіберді ме? Балауыз бордан және балауыздан қалған дақтарды кетіру үшін осы нұсқаулықтарды пайдаланыңыз.