Матадан дақтарды қалай кетіруге болады

Дақтар ең күтпейтін сәтте пайда болады, және бір күнді бұза алатын сияқты. Бірақ енді олар олай ете алмайды. Сіз дақтардан құтылуға тырысқаныңызға қарамастан, олар қайта-қайта пайда бола береді, ренжудің қажеті жоқ, оларды кетіру аса қиын емес. Дұрыс Persil жұғыш құралын таңдап, сіз дақты кез келген мата түрінен кетіре аласыз.

Матадан дақтарды қалай кетіруге болады

Матадағы дақтар түрлері

Бүкіл өміріңіз бойы күресуге тура келетін көптеген дақтар болады. Шалбардың, жейделердің, көйлектердің және күрткелердің сыртқы түрін бүлдіретін дақтардың көптеген түрлері дезодоранттан, терден және қолтық астынан, зеңнен және саңырауқұлақтардан, қаннан, майлағыштан және майдан пайда болады. Дақтан толығымен құтылу үшін, оның түрін білу маңызды.

Матаның айрықша түрлерінен дақтарды қалай кетіруге болады

Text missing

Былғарыдан дақтарды кетіру

Былғары күрткелер, шалбарлар және плащтар, әдетте, жыл сайынғы ұқыпты тазартуды керек етеді. Бірақ егер сіз абайсыздан өз былғары киіміңізге тұздықты жұқтырсаңыз, сіз дереу әрекет жасау керексіз. Былғары бұйымдар үшін дақты жергілікті өңдеу ең жақсы таңдау болады. Даққа байланысты сұйықтық қалдықтарын және қатты бөлшектерді барынша көбірек кетіріңіз. Өз Persil жуғыш құралыңызды жылы сумен араластырыңыз да даққа жағыңыз. Ылғалды шүберекпен жуып жіберіңіз. Аяқтағаннан кейін материалдың жұмсақ әрі созылмалы қалуы үшін өңделген жерге былғарыға арналған кондиционерді жағыңыз.

Полиэстерден дақтарды кетіру

Полиэстерден жасалған киімді жуған кезде Persil жуғыш құралын тек кез келген дақтарды алдын ала өңдеу және кетіру үшін ғана пайдаланыңыз. Ағартқыш және басқа үйде дайындалған ерітінділер матаны бүлдіру мүмкін, және оның пайдасына қарағанда келтірген зияны көбірек болады.

Жібектен дақтарды кетіру

Жібек - бұл өте жұқа мата, оны тек қолмен жууға болады, немесе кәсіби тазартуға өткізу керек. Дақтарды Perwoll Care жуғыш құралы көмегімен жеке-жеке өңдейді, ол материалды бүлдірмей дақтардың әр түрін кетіре алады.

Күдеріден дақтарды кетіру

Күдері - бұл дәл сол сәл жұмсартылған және түгі көтерілген былғары. Егер күдеріде дақ пайда болса, қолды тигізген кезде барқыттылық сезімі жоқ болып кетеді. Көптеген жағдайларда дақты кетіру және түкті қалпына келтіру үшін сізге күдері киіміңізді және үйде киетін киіміңізді тазартуға беруге тура келеді. Дегенмен егер сіз дақты өз күшіңізбен кетіруді шешсеңіз, алдымен бар ылғалды таза матамен сүртіп алыңыз. Сосын осы жерге кішкене жуғыш құрал мен суды жағыңыз. Ылғалды шүберекпен сүртіп жіберіңіз де құрғағанша сүртіңіз. Ауада кептіріңіз және дақтарды кетіру нәтижесін тексеріңіз. Матадағы түкті қалпына келтіру үшін, дақ кеткеннен кейін күдеріге арналған шөткені пайдаланыңыз.

Мақта матадан дақтарды кетіру

Мақта мата - бұл матаның берік түрі. Дегенмен ауа өткізгіш қасиеттерінен ол терге және қолтық асты дақтарға шалдығады. Көптеген жағдайларда Persil жуғыш құралымен алдын ала өңдеу және жоғары температураларда жуу осы дақтарды кетіруге мүмкіндік береді.

Зығыр матадан дақтарды кетіру

Зығыр мата мақта мата сияқты ауа өткізетін мата болып табылады, сол себептен ол жазғы киім үшін мінсіз болады. Оның кеуекті құрылымы сонымен қатар басқа маталарға қарағанда дақтардың онда тез пайда болатынын білдіреді. Дақтардан құтылу үшін алдын ала өңдеуге сізге көбірек уақыт талап етілу мүмкін. Persil жуғыш құралына матаның ішіне сіңу үшін шамамен бір сағат талап етілу мүмкін. Дұрыс температурада жуып отырғаныңызға көз жеткізу үшін ылғи киіміңіздегі затбелгіні тексеруді ұмытпай жүріңіз.

Жүннен дақтарды кетіру

Жүн - бұл өте жұқа мата, жібек сияқты, бірақ ол кір уғыш машинада оңай тарқатылу мүмкін. Сондықтан жүнді қолмен жуу керектігіне немесе дақты кетіру үшін кәсіпқойға тапсыру керектігіне көз жеткізу үшін бұйымдағы затбелгімен салыстыру өте маңызды. Жүндегі кез келген дақты кетіру үшін мүмкіндігінше тезірек әрекет етіңіз. Дақтың жүн талшықтарына біржолата сіңіп кетірмеу үшін, былғанған жерді сумен және Persil жуғыш құралыңызбен сіңіртіңіз

Басқа маталардан дақтарды кетіру

Сіздің матаның қай түрін жуғаныңызға қарамастан, оны машинада жууға болатынын және қандай температурада жуатынын юілу үшін әрқашан киімнің затбелгісіне қараңыз. Кашемир, сатин, жоржет, шифон, жасанды жібек және вискоза сияқы кейбір сезімтал маталарды қолмен жуу қажет.

Пласти, ацетат, нейлон және спандекс сияқты синтетикалық материалдар су негізіндегі дақтарға жақсы қарсы тұрады және кір жуғыш машинада жуу үшін жеткілікті берік болады. Егер кідіріссіз әрекет етсеңіз, дақтардан тез әрі аса күш салмай құтыла аласыз. Микроталшықты дақтарды кетіру үшін кір жуғыш машинада немесе қолмен жууға болады, дегенмен матаның қандай да бір басқа түрімен бірге жууға болмайды.

Маталардан дақтардың ерекше түрлерін кетіру

Сұйықтықтан қалған дақтар: шарап, кофе мен шай, сия мен қалам, сондай-ақ қан

  • Мүмкіндігінше көбірек сұйықтықты кетіру үшін дақты құрғатыңыз.
  • Киімді теріс айналдырыңыз және теріс жағынан суық сумен жуып жіберіңіз.
  • Persil жуғыш құралын жағыңыз.
  • Жуыңыз да шайып жіберіңіз.

Қатты және жартылай қатты заттар: көкөністер, жемістер, қыша, кетчуп және тұздықтар, құсық, май.

  • Матадан мүмкіндігінше көбірек затты қырып алу үшін қасықты пайдаланыңыз.
  • Қалған сұйықтықты кетіру үшін таза ақ матамен сүртіңіз.
  • Persil жуғыш құралын жағыңыз.
  • Жуыңыз да шайып жіберіңіз.

Ұнтақ тәрізді және опа тәріді заттардан қалған дақтар: куркума, зең және шірік, косметика

  • Ұнтақты мүмкіндігінше мұқият матадан қағып немесе сілкіп жіберіңіз (бөлмеде басқа дақтардың пайда болуына жол бермеу үшін далаға шығыңыз).
  • Persil жуғыш құралын жағыңыз.
  • Жуыңыз да шайып жіберіңіз.

Матадағы дақтардың ерекше шарттары: Кеуіп кеткен дақтарды қалай кетіруге боладыs

Ескірген және кеуіп кеткен дақтарды кетіру жаңа түскен дақтарға қарағанда айтарлықтай қиын болатынына көз жеткізе аласыз. Егер оларда қатты заттардың қалдықтары болса, алдыен оларды қасықтың көмегімен дақтан қырып алыңыз. Сосын киім затын Persil жуғыш құралы қосылған жылы суға салыңыз. Матаны кір жуар алдында бірнеше сағатқа немесе тіпті бір түнге жібітуге қалдырыңыз.

Матадағы дақтарды кетіру: қадам-қадаммен

  1. Сіздің мата түріңізге де, түсіне де жарайтын дақкетіргішті таңдап алыңыз.
  2. Егер қажет болса, дақты алдын ала өңдеңіз, тұрақты немесе кеуіп кеткен дақтарды кетіру үшін жібітіп қойыңыз.
  3. Матаны кір жуғыш машинада немесе қолмен жуыңыз.
  4. Жуғаннан кейін дақтың кеткенін тексеріңіз.

Жуғыш құралды таңдаңыз.

Жуғыш құралды таңдау алдында, матаның түрін және түсін анықтаңыз, сонымен қатар киімнің затбелгісіне назар аударыңыз. Пайдалану:

Дақты алдын ала өңдеу

Қатты қалдықтарды қасықтың немесе жүзі өтпейтін пышақтың көмегімен қырып алып кетіріңіз. Сұйықтықтың қалдықтарын қағақ сүлгінің немесе таза ақ матаның көмегімен сүртіп алыңыз. Дақ түскен киімді теріс айналдырыңыз және теріс жағынан суық сумен жуып жіберіңіз. Persil жуғыш құралыңызды даққа беткі жағынан жағыңыз, оны ақырын сылаңыз. Оның әсерін тигізу үшін бір-екі минут беріңіз, сосын шайыңыз.

Кір жуу және шаю

Мүмкіндігінше тезірек киімді мата үшін қауіпсіз болатын ең ыстық суда жуыңыз. Ол үшін затбелгідегі нұсқауларды тексеріңіз. Кір жуу циклі үшін дәл сол жуғыш құралды пайдаланыңыз.

Дақты тексеріңіз

Жуғаннан кейін дақтың кеткенін тексеріңіз. Егер кетпесе, алдын ала өңдеу және жуу рәсімін қайталаңыз.

Тұрақты дақтан құтылуға тырысып отырсыз ба? Дақты кетіру қадамдары матаның түріне байланысты ерекшелену мүмкін, дегенмен Persil дұрыс жуғыш құралы сізге кез келген матадан іс жүзінде кез келген дақты кетіруге көмектесе алады.

  • ЖҚС

    ЖҚС

  • Кір жуу туралы кеңестер

    Кір жуу жөніндегі пайдалы кеңестер

  • ЖҚС

    ЖҚС

  • Кір жуу туралы кеңестер

    Кір жуу жөніндегі пайдалы кеңестер

Қосымша өнімдер

  • Sensitive кір жуғыш ұнтағы

    Persil Көктемгі Балғындық кір жуғыш ұнтағы

  • Color кір жуғыш ұнтағы

    Persil Көктемгі Балғындық кір жуғыш ұнтағы

  • FbV кір жуғыш ұнтағы

    Persil Vernel-дің Тазалығы кір жуғыш ұнтағы

  • Sensitive кір жуғыш ұнтағы

    Persil Көктемгі Балғындық кір жуғыш ұнтағы

  • Color кір жуғыш ұнтағы

    Persil Көктемгі Балғындық кір жуғыш ұнтағы

  • FbV кір жуғыш ұнтағы

    Persil Vernel-дің Тазалығы кір жуғыш ұнтағы

Latest articles

  • Киімнен және маталардан сәндік косметикадан және далаптан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

    Киімнен және маталардан сәндік косметикадан және далаптан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

  • Сағыз дақтарын қалай кетіруге болады

    Сағыз дақтарын қалай кетіруге болады

  • Киімнен және маталардан бояуды және түрлі-түсті дақтарды қалай кетіруге болады

    Киімнен және маталардан бояуды және түрлі-түсті дақтарды қалай кетіруге болады

  • Киімнен және маталардан сәндік косметикадан және далаптан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

    Киімнен және маталардан сәндік косметикадан және далаптан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

  • Сағыз дақтарын қалай кетіруге болады

    Сағыз дақтарын қалай кетіруге болады

  • Киімнен және маталардан бояуды және түрлі-түсті дақтарды қалай кетіруге болады

    Киімнен және маталардан бояуды және түрлі-түсті дақтарды қалай кетіруге болады