Skip to Content

Киімнен және маталардан қышадан, кетчуптен немесе тұздықтан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

Көпшілігімізде асүйлік шкафтарымыз қыша, кетчуп және барбекю тұздығы сияқты, тағамды одан да дәмді ете алатыны себебінен біздің сүйікті өнімдеріміздің тізімде ең жоғары орын алып тұратын дәмдеушітерге және тұздықтарға толған. Әйткенмен, тамақтан ләззат алумен бірге олар күтпеген дақ түрінде жағымсыз тосын сый әкелу мүмкін. Егер сіз тұздықты немесе дәмқосарды киіміңізге төгіп алсаңыз, келесі ұсынымдарды орындасаңыз, оны тазарту оңай болады.

Киімнен және маталардан қышадан, кетчуптен немесе тұздықтан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

Қышадан, кетчуптен немесе басқа тұздықтардан қалған дақтардың түрлері

Дақты кетіруге кірісер алдында оның пайда болу себебі не болғанын түсіну қажет. Кейбір жағдайларда мәселені шешуге ерекше тәсіл талап етіледі. Ең көп тараған тұздықтардың тізімінде болатындар:

  • Қыша
  • Кетчуп
  • Томат тұздығы
  • Спагетти тұздығы
  • Ыстық тұздық
  • Қатық
  • Майонез
  • Паста тұздығы
  • Соя тұздығы
  • Барбекю тұздығы
  • Маринара

Тұздықтан қалған дақтарды кетіру Қадамдық нұсқаулық

  1. Тұздықтың артығын киімнен кетіріңіз
  2. Затты теріс жағына қарай аударыңыз және ластанған жерді суық сумен шайыңыз
  3. Матаның түріне және түсіне сәйкес Persil кір жууға арналған құралын таңдаңыз
  4. Қажет болған кезде дақтың алдын ала өңдеуін жүргізіңіз
  5. Киімді ол үшін ең жоғары рұқсат етілетін температурада жуыңыз
  6. Дақтың толығымен кеткенін тексеріңіз

Қалған тұздықты жою

Өзіңізге тұздықтың қай түрін төгіп алғаныңызға қарамастан, ең алдымен оның артығын киімнен кетіріңіз. Сосын былғанған затты теріс жағына қарай аударыңыз да ластанған жерді сыртқы жағынан жуыңыз. Бұл сізге дақты киімнен кетіру бойынша міндетті жеңілдетеді, себебі тұздықтың қалдықтары осылайша зат матаға қай талшықтар арқылы кірген, сол талшықтар арқылы шығатын болады.

Кір жууға арналған құралды таңдау

Матаның түріне және түсіне сәйкес кір жууға арналған құралды таңдаңыз.

  • Ақ заттар үшін Persil Universal пайдаланыңыз.
  • Түрлі-түсті заттар үшін Persil Color Gel пайдаланыңыз.
  • Қолмен жуу және күтімді талап ететін маталар жағдайында Perwoll құралын пайдаланыңыз.

Дақтарды алдын ала өңдеу

Кір жуу рәсіміне кірісер алдында, матаны түстердің төзімділігіне тексеріңіз. Әрі қарай тікелей қышадан, кетчуптен немесе басқа тұздықтардан қалған даққа Persil Universal немесе Persil Color Gel құралын жағыңыз және ол матаға сіңу үшін екі минут күтіңіз.

Кір жуу және шаю

Затты Persil кір жууға арналған құралы сұйылтылған суда бірнеше минут жібітіңіз. Содан кейін киімді кір жуғыш машинаға салыңыз, зат қатты ластанған жағдайлары үшін көрсетілген мөлшерімен бірдей Persil мөлшерін қосыңыз. 

Заттарды дақтардың жоқтығына тексеру

Кір жуғаннан кейін, кірді кептіргіш машинаға жүктер алдында, затта дақтар іздерінің қалмағанына көз жеткізіңіз. Егер дақтар кетпесе, кір жуу рәсімін мата үшін рұқсат етілген ең жоғары температурада қайталаңыз (заттың іш жағындағы затбелгіде ақпаратты қараңыз.

Қышадан, кетчуптен және түрлі тұздықтардан қалған дақтарды түрлі киімнен және маталардан кетіру

Егер сіз жейдеңізден қышадан қалған дақтарды немесе шалбардан кетчуптен қалған дақтарды кетіру мәселеге тап болсаңыз, жоғары берілген кеңестерді орындаңыз, көптеген жағдайда олар сізге мәселені шешуге көмектеседі. Дегенмен, егер сіз жібек, атлас немесе жүн сияқты, нәзік күтімді талап ететін маталарды қолдансаңыз, қолмен жуу үшін немесе киімнен дақтарды кетіру үшін Perwoll құралын пайдаланыңыз. Мүмкін, дақтан толығымен құтылу үшін, кір жуу рәсімін бірнеше рет қайталау талап етіледі, бірақ есесіне осы құрал сіздің заттарыңызды күтеді және оларға еш зиян келтірмейді. Мақта және полиэстер сияқты маталарды әдетте машинада жуғаны жақсы.

Қышадан, кетчуптен және басқа тұздықтардан қалған дақтарды кетірудің күрделі жағдайлары

Кеуіп кеткен дақты киімнен қалай кетіріні туралы ойлағаннан басыңыз ауырып тұр ма? Алдымен барбекю тұздығы немесе қышаның қалдықтарын қырып алып көріңіз, сосын тікелей даққа Persil Color Gel немесе Persil Universal құралын жағыңыз, оны ақырын матаға сіңіртіңіз және бірнеше минут күтіңіз. Содан кейін затты Persil кір жууға арналған құралы сұйылтылған жылы суда 30 минутқа жібітіңіз, сосын әдеттегі режимде жуыңыз.

Кетчуптен, қышадан және басқа тұздықтардан қалған дақтарды түрлі-түсті маталардан кетіру

Тұздықтан қалған дақтарды кетіру өте қиын, әсіресе маталардың кейбір түрлері және түстері жағдайында. Нағыз мәселені ақ киімдегі кетчуптен немесе томат тұздығынан қалған дақтар және қара заттардағы майонездің іздері тудырады. Қышаның құрамында куркума бар, ол өзінен-өзі табиғи бояғыш болып табылады, сондықтан мұндай дақтарды ақ жейдеден кетіру тым қиын. Қыша іздерінен құтылудың ең жақсы тәсілі - кір жууға арналған құралды әлі жаңа болып тұрған даққа жағу және мүмкіндігінше тезірек затты жуып жіберу.

Жейдені немесе шалбарды тұздықпен абайсыздан былғап алдыңыз ба? Дақтарға киімді бүлдіруге мүмкіндік бермеңіз! Осы мәселеден құтылу үшін жоғары келтірілген кеңестерді пайдаланыңыз! 

  • ЖҚС

    ЖҚС

  • Кір жуу туралы кеңестер

    Кір жуу жөніндегі пайдалы кеңестер

  • ЖҚС

    ЖҚС

  • Кір жуу туралы кеңестер

    Кір жуу жөніндегі пайдалы кеңестер

Қосымша өнімдер

  • Vernel-ден Балғындық гелі

    Persil Vernel-дің Тазалығы гелі

  • Color гелі

    Гель Persil Color

  • FbV кір жуғыш ұнтағы

    Persil Vernel-дің Тазалығы кір жуғыш ұнтағы

  • Vernel-ден Балғындық гелі

    Persil Vernel-дің Тазалығы гелі

  • Color гелі

    Гель Persil Color

  • FbV кір жуғыш ұнтағы

    Persil Vernel-дің Тазалығы кір жуғыш ұнтағы

Latest articles

  • Киімнен және маталардан сәндік косметикадан және далаптан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

    Киімнен және маталардан сәндік косметикадан және далаптан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

  • Тер дақтарын жейдеден қалай кетіруге болады

    Тер дақтарын жейдеден қалай кетіруге болады

  • Киімнен және маталардан кофе немесе шайдан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

    Киімнен және маталардан кофе немесе шайдан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

  • Киімнен және маталардан сәндік косметикадан және далаптан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

    Киімнен және маталардан сәндік косметикадан және далаптан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

  • Тер дақтарын жейдеден қалай кетіруге болады

    Тер дақтарын жейдеден қалай кетіруге болады

  • Киімнен және маталардан кофе немесе шайдан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

    Киімнен және маталардан кофе немесе шайдан қалған дақтарды қалай кетіруге болады