Skip to Content

Саңырауқұлақтан және зеңнен қалған дақтарды қалай кетіруге болады

Өмір қызып тұр, және ешбір күмәнсіз, қандай да бір себептен, сіз киіміңізді кір жуғыш машинада немесе кірге арналған себетте ұмытып қалдыруыңыз мүмкін. Көп ұзамай киіміңіз саңырауқұлақ пен зеңнің иісін шығара бастайды, бұл киімде саңырауқұлақтан және зеңнен қалған дақтардың пайда болуына келтіру мүмкін. Бақытқа орай, мұндай дақтарды кетіру қиын емес. Келесіні жасау керек.

Саңырауқұлақтан және зеңнен қалған дақтарды қалай кетіруге болады

Саңырауқұлақтан және зеңнен қалған дақтарды кетіру: Қадамдық нұсқаулық

  1. Кір жуу және дақтарды кетіру үшін Persil қолайлы құралын таңдаңыз.
  2. Осы Persil құралын даққа жағыңыз
  3. Киімді затбелгіге сәйкес рұқсат етілген ең жоғары температурада жуыңыз.
  4. Дақтың кеткеніне көз жеткізіңіз

Кір жуу және дақтарды кетіру үшін қолайлы құралды таңдаңыз.

Кір жуу және дақтарды кетіру үшін Persil қолайлы құралын таңдаған кезде матаның түсін және түрін есепке алыңыз. Түрлі-түсті заттар үшін Persil Color Gel пайдаланыңыз. Ақ заттар үшін Persil Universal пайдаланыңыз. Нәзік маталар үшін Perwoll пайдаланыңыз.

Дақтарды алдын ала өңдеу

Матаның беріктігіне байланысты дақтарды қалай өңдеуге болады. Джинс және мақта мата үшін: Persil Universal немесе Persil Color Gel кір жууға арналған құралының кішкене мөлшерін даққа жағыңыз, содан кейін осы жерді тіс шөткесімен сәл сүртіп жіберіңіз. Қауіпсіздік үшін бұны орынжайдан тыс жерде жасаңыз, өйткені саңырауқұлақ споралары үйіңізге кіріп кету мүмкін. Нәзік маталар үшін: Perwoll кішкене мөлшерін даққа жағыңыз, бірнеше минутқа қалдырыңыз, содан кейін осы жерді сүртіңіз. Сосын суық су және Perwoll ерітіндісінде жібітіңіз.

Кір жуу және шаю

Киімдегі саңырауқұлақтың кез келген қалдықтарын өлтіру үшін, саңырауқұлақтан және зеңнен қалған дақтары бар заттарды ең жоғары температурада жуу керек. Қолайлы температура туралы ақпаратты киімнің затбелгілерінде табуға болады.

Дақтарды тексеру

Киімді жуғаннан кейін дақтардың кеткенін тексеріңіз. Егер кетпесе, киімді тағы бір рет Persil және суық су ерітіндісінде 10 минутқа жібітіңіз, содан кейін тағы бір рет алдын ала өңдеңіз және жуыңыз.

Егер кір жуғаннан кейін дақ әлі де көрінетін болса және кетпесе, затбелгіден осы киімді құрамында хлор бар ағартқышпен өңдеу мүмкіндігін тексеріңіз. Егер мүмкін болса, онда мұндай ағартқышты оны қолдану бойынша нұсқаулықты орындап пайдаланаңыз. Сосын киімді затбелгіге сәйкес рұқсат етілген ең жоғары температурада жуыңыз.

Саңырауқұлақтан және зеңнен қалған дақтарды ерекше немесе нәзік маталардан кетіру

Саңырауқұлақтан және зеңнен қалған дақтарды жүн, жібек, вискоза немесе модал сияқты кейбір маталардан кетірген кезде мүмкіндігінше құрамында хлор бар ағартқыштарды пайдаланудан бас тарту керек. Олар мұндай маталардың құрылымын бұзады және оларды пайдалану мерзімін қысқарту мүмкін. Мұндай ағартқыштардың орнына Perwoll құралын пайдаланыңыз.

Саңырауқұлақтан және зеңнен қалған дақтарды түрлі-түсті маталардан кетіру

Саңырауқұлақтан және зеңнен қалған дақтарды түрлі-түсті маталардан кетірген кезде ылғи Persil Color Gel пайдаланыңыз. Сонымен қатар төменде көрсетілген нұсқаулықтарды мұқият орындаңыз.

Зеңнен қалған қиын кетірілетін дақтарды жою

Кейде дақтарды кетіру алдындағыдай көрінгенімен салыстырғанда әлдеқайда қиын болады. Егер дақ кеуіп кетсе немесе оны кетіру қиын болса, кір жуар алдында оны бірнеше сағатқа Persil және суық су ерітіндісінде жібітіңіз.

Саңырауқұлақтан және зеңнен қалған дақтарды кетіруге арналған ерекше құралдар

Кейбір үй құралдары саңырауқұлақтан және зеңнен қалған дақтарды кетіруге көмектесе алады, дегенмен олар басқа мәселелерге келтіру мүмкін. Біреулері жейдеңіздің түсін біржолата өзгертеді, ал басқалары уақыт өте келе кір жуғыш машинаның резеңке және пластик бөлшектеріне зиян келтіреді. Осы мәселелерді болдырмау үшін, үй құралдарының орнына кір жууға және дақтарды кетіруге арналған Persil құралдарын пайдаланыңыз.

Киіміңіздегі саңырауқұлаққа немесе зеңге көңіл-күйіңізді бұзуға мүмкіндік бермеңіз. Осы жағымсыз иіс шығаратын дақтарды кір жууға арналған Persil құралы көмегімен жылдам кетіріңіз.

  • ЖҚС

    ЖҚС

  • Кір жуу туралы кеңестер

    Кір жуу жөніндегі пайдалы кеңестер

  • ЖҚС

    ЖҚС

  • Кір жуу туралы кеңестер

    Кір жуу жөніндегі пайдалы кеңестер

Қосымша өнімдер

  • Vernel-ден Балғындық гелі

    Persil Vernel-дің Тазалығы гелі

  • Color гелі

    Гель Persil Color

  • FbV кір жуғыш ұнтағы

    Persil Vernel-дің Тазалығы кір жуғыш ұнтағы

  • Vernel-ден Балғындық гелі

    Persil Vernel-дің Тазалығы гелі

  • Color гелі

    Гель Persil Color

  • FbV кір жуғыш ұнтағы

    Persil Vernel-дің Тазалығы кір жуғыш ұнтағы

Latest articles

  • Киімнен және маталардан сәндік косметикадан және далаптан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

    Киімнен және маталардан сәндік косметикадан және далаптан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

  • Тер дақтарын жейдеден қалай кетіруге болады

    Тер дақтарын жейдеден қалай кетіруге болады

  • Киімнен және маталардан кофе немесе шайдан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

    Киімнен және маталардан кофе немесе шайдан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

  • Киімнен және маталардан сәндік косметикадан және далаптан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

    Киімнен және маталардан сәндік косметикадан және далаптан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

  • Тер дақтарын жейдеден қалай кетіруге болады

    Тер дақтарын жейдеден қалай кетіруге болады

  • Киімнен және маталардан кофе немесе шайдан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

    Киімнен және маталардан кофе немесе шайдан қалған дақтарды қалай кетіруге болады