Skip to Content

Киімнен және маталардан май дақтарды қалай кетіруге болады

Май киімде көп жағдайларда өте қиын кетірілетін қара дақтарды қалдырады. Мұндай затты құтқару Persil сияқты әсіресе жаңа түскен май дақтарынан құтылуға көмектесетін дұрыс жуғыш құралды таңдауды білдіреді.

no information

Қою майдан және сұйық майдан пайда болған дақтарды кетіру арасындағы айырмашылық

Үй жағдайларында қою май және сұйық май көбінесе бірдей мақсаттар үшін пайдаланылады (тамақты дайындау, бөлшектерді майлау және т.б.) Дегенмен олар сыртқы түрі бойынша кішкене болса да ерекшеленеді, себебі қою май жартылай қатты субстанция, ал сұйық май - сұйық субстанция болып көрінеді. Қою майды да, сұйық майды да жануар майларынан шығарады, бірақ май сонымен қатар өсімдіктерден де дайындалу мүмкін. Осы айырмашылықтарға қарамастан, қою майдың және сұйық майдың қалған жағдайларда ұқсастығы соншалықты болғаны, оларды кетіру үшін бірдей тазарту әдістеріне жүгінеді.

Қою майдан және сұйық майдан қалған дақтардың түрлері

Май дақты жоюға кірісер алдында, сіз нақты қай затпен жұмыс істейтініңізді білуге тиіссіз: өсімдік, зәйтүн, кокос майы немесе майлауға арналған май болсын - бұның барлығы сіз ас бөлмеңізде таба алатын аспаздықта үйреншікті ингредиенттер. Бұдан басқа, сары май және жержаңғақ майы сияқты өнімдер, аспаздық майы жағдайындағыдай дақтардың пайда болу себебі болу мүмкін. Құрамында май бар лосьондар, вазелин және тіпті шашты күтуге арналған түрлі өнімдер де киімді былғап алу мүмкін.

Қою майдан және сұйық майдан қалған дақтарды кетіру Қадамдық нұсқаулық

Шалбарда қалған май дағынан құтылу керек пе? Жейдеде май дағы пайда болған ба? Онда осылайша әрекет етіңіз:

  1. Матаның түсіне және түріне сәйкес ең қолайлы Persil жуғыш құралын таңдаңыз.
  2. Қою майдың немесе сұйық майдың артығын жойып, затты таза ақ матамен сулап жіберіңіз.
  3. Vernel-ден Балғындық гелі немесе Persil Color Gel құралы көмегімен матадағы ластанған жерді алдын ала өңдеңіз.
  4. Затты ол үшін барынша рұқсат етілетін температурада жуыңыз.
  5. Дақтың толығымен кеткеніне көз жеткізіңіз.
  6. Қажет болған кезде кір жуу рәсімін қайталаңыз.

Жуғыш құралды қалай дұрыс таңдау керек

Ең алдымен, қажетті Persil жуғыш құралын таңдаңыз. Қою майдан немесе сұйық майдан қалған дақтарды кетіру үшін Persil ұнтағы немесе Persil гелі құралдарын пайдалану жөн, дәл сол уақытта маталарды алдын ала өңдеу үшін Persil құралын қолдану ұсынылады. Ақ түсті заттарды жуу үшін Vernel-ден Балғындық гелі құралын пайдаланыңыз, Persil Color - түрлі-түсті маталар үшін, ал Perwoll жүн немесе жібек сияқты аса күтіммен пайдалануды талап ететін маталар үшін.

Алдын ала өңдеу

Даққа жағар алдында, мүмкіндігінше киімнен қою майдың немесе сұйық майдың артығын кетіріңіз. Дақты таза ақ түсті мата кесегімен сіңіртіп алыңыз. Бұл майға әрі қарай киім бойынша жағылып кетпей қағаз майлыққа сіңіп кетуге мүмкіндік береді.

Сосын даққа Vernel-ден Балғындық гелі (ақ түсті киім үшін), Persil Color Gel (түрлі-түсті киім үшін), немесе Perwoll (күтіммен жууды талап ететін маталар үшін) гелінің кішкене мөлшерін жағып, оны ақырын матаға сіңіртіп, ластанған жерді алдын ала өңдеңіз де 5 минутқа қалдырыңыз.

Кір жуу және шаю

Май дақтарын киімнен тиімді кетіру үшін оны бірден жуып шығу қажет. Тиісті құралды - Vernel-ден Балғындық гелі (ақ түсті заттар үшін) немесе Persil Color Gel (түрлі-түсті заттар үшін) пайдаланып және ластану дәрежесі қатты заттарды өңдеу бойынша нұсқаулықты орындап, затты ол үшін барынша рұқсат берілген температурада жуыңыз (алдын ала ішкі жағында орналасқан зат белгіде көрсетілген өндірушінің оған күтім жасау бойынша ұсынымдарымен танысып алыңыз).

Киімді майдан алған дақтардың жоқтығына тексеру

Егер жуылған затта дақтардың іздері қалса, оны кептіруге асықпаңыз. Бұл мәселені тек қиындатып жіберу мүмкін. Оның орнына жуғыш құралдың көмегімен алдын ала тазарту рәсімін қайталаңыз және сосын киімді қайтадан жуыңыз.

Қиын кетірілетін немесе сіңіп кеткен дақтар жағдайында затты жуғыш құралдан дайындалған ерітіндіде бір сағатқа немесе одан көп уақытқа жібітіп, сосын кір жууды қайталап жіберу қажет. Былғанған заттың кір жууға қойылатын талаптарымен мұқият танысыңыз (затбелгілегі өндіруші берген ақпаратты қараңыз) және осында белгіленген нұсқаулықтарды бұлжытпай орындаңыз.

Майдан қалған дақтарды төсек-орын тысынан немесе монша жаулығынан және басқа маталардан кетіру

Жоғары келтірілген кеңестердің көмегімен дақтарды түрлі киімнен және заттардан кетіруге болады, олардың ішінде көйлектер, поло жейделері, джинстер, свитерлер, шорты, майлықтар және жаулықтар. Дегенмен жібек немесе жүн маталары жағдайында тым сақ болу қажет. Мұнда сізге көмекке Perwoll - кір жуу уақытында күтіммен пайдалануды талап ететін заттарға арналған ең жақсы құрал келеді.

Тек құрғақ тазалауға арналған киімнен дақтарды кетіру қажет болған жағдайда (мысалы, көйлектер және костюмдер), маманнан кеңес алыңыз. Табиғи май тұтқылардың немесе кез келген басқа үй құралдарының көмегіне сүйенбеңіз. Олардың кейбіреулері қатты қышқылды болып шығу мүмкін, бұл матаның бүлінуіне душар етеді.

Кір жуғаннан және кептіргеннен кейін май дақтардың іздері қалды ма?

Киімді кептіргеннен кейін қазір ғана шығарғанда, май дақты байқап қалдыңыз ба?

Кеуіп кеткен май дақты кетіру әлдеқайда қиын, деген мен бәрі мүмкін болады. Бұл үшін, дақты "жаңарту" үшін, ластанған жерге кішкене май мөлшерін жағу қажет. Сосын оны тиісті дақ кетіргішпен өңдеп, затты жуып оның тазалығын тексеріп шығу қажет. Дақтардың іздері бар болған жағдайда рәсімді қайталаңыз.

Берілмеңіз! Майдан қалған дақтар - киіміңіз үшін шешілмейтін мәселе емес. Жоғарыда келтірілген кеңестер сізге олардан жылдам құтылуға көмектеседі.

  • ЖҚС

    ЖҚС

  • Кір жуу туралы кеңестер

    Кір жуу жөніндегі пайдалы кеңестер

  • ЖҚС

    ЖҚС

  • Кір жуу туралы кеңестер

    Кір жуу жөніндегі пайдалы кеңестер

Қосымша өнімдер

  • Vernel-ден Балғындық гелі

    Persil Vernel-дің Тазалығы гелі

  • Color кір жуғыш ұнтағы

    Persil Көктемгі Балғындық кір жуғыш ұнтағы

  • FbV кір жуғыш ұнтағы

    Persil Vernel-дің Тазалығы кір жуғыш ұнтағы

  • Vernel-ден Балғындық гелі

    Persil Vernel-дің Тазалығы гелі

  • Color кір жуғыш ұнтағы

    Persil Көктемгі Балғындық кір жуғыш ұнтағы

  • FbV кір жуғыш ұнтағы

    Persil Vernel-дің Тазалығы кір жуғыш ұнтағы

Latest articles

  • Киімнен және маталардан сәндік косметикадан және далаптан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

    Киімнен және маталардан сәндік косметикадан және далаптан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

  • Тер дақтарын жейдеден қалай кетіруге болады

    Тер дақтарын жейдеден қалай кетіруге болады

  • Киімнен және маталардан кофе немесе шайдан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

    Киімнен және маталардан кофе немесе шайдан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

  • Киімнен және маталардан сәндік косметикадан және далаптан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

    Киімнен және маталардан сәндік косметикадан және далаптан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

  • Тер дақтарын жейдеден қалай кетіруге болады

    Тер дақтарын жейдеден қалай кетіруге болады

  • Киімнен және маталардан кофе немесе шайдан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

    Киімнен және маталардан кофе немесе шайдан қалған дақтарды қалай кетіруге болады