Skip to Content

Ескірген және кеуіп кеткен дақтарды қалай кетіруге болады

Түһ, осы дақтар-ай. Ешқайсысымыз олардан құтыла алмаған сияқтымыз. Өміріміздің не ол, не бұл сәтінде бізге дақтардың қандай да бір түріне тап болатынбыз. Бұл бояу, бояғыш және футболкадағы түрлі-түсті дақ, шалбардағы сиядан және қаламнан қалған дақ, немесе іш киімдегі нәжіс, сідік және құсық болу мүмкін. Мәселе мынада, біз осы дақтар туралы ұмытып кетеміз немесе оларды байқамаймыз, ал олар ескіріп кеуіп кетеді.

 

Әрине, киімнен кеуіп кеткен дақтарды кетіру қиынырақ болады, бірақ бұны жүзеге асыруға болады. Сізге не білу керек.

Ескірген және кеуіп кеткен дақтарды қалай кетіруге болады

Ескірген және ккеуіп кеткен дақтарды қалай кетіруге болады

Сонымен, киіміңізден ескірген немесе кеуіп кеткен қанды немесе шоколадты, немесе косметиканы кетірудің құпиясы неде тұрады?

Шыдамдылық және дұрыс құралдар қажет. Май негізіндегі, су негізіндегі бояғыштар болсын немесе лай, шөптен және жапырақтан қалған дақтар болсын, маңызды емес, ең бастысы, дұрыс жуғыш құрал және сәл уақыт болу қажет. 

Ескірген және кеуіп кеткен дақтарды кетіру: қадам-қадаммен

Ескірген және кеуіп кеткен дақтарды кетіру үшін:

  1. Persil дұрыс жуғыш құралын және дақкетіргішін таңдаңыз.
  2. Былғанған жерді алдын ала өңдеп алыңыз және жуғыш құралға даққа әсер етуге бірнеше минут беріңіз.
  3. Жылы, бірақ ыстық емес суда жуыңыз.
  4. Дақтың кеткенін тексеріңіз.

Жуғыш құралды таңдаңыз

Алғашқы қадам болып табылатын ескірген және кеуіп кеткен дақтарды кетіруге арналған Persil дұрыс жуғыш құралын таңдау.

Дақ орнын алдын ала өңдеу

Ескірген және кеуіп кеткен дақты кетіруін жеңілдету үшін, киімді жуғыш құрал мен судың ерітіндісінде жібітіңіз. Бұл дақтың үстіңгі қабатын жоюға көмектеседі. Содан кейін Persil жуғыш құралыңызды тікелей даққа жағыңыз да оған әсерін тигізуге бірнеше минут беріңіз. Жуғыш құралдың толығымен кеткенінше шайыңыз.

Кір жуу және шаю

Ескірген немесе кеуіп кеткен дақты жылы суда, бірақ ыстық суда емес, жуыңыз. Жоғары температура дақты одан да қатты бекітіп жіберу мүмкін.

Дақты тексеріңіз

Егер киімді жуғаннан кейін дақ әлі де қалатын болса, оны кептіргішке тастамаңыз. Бұның орнына оны қайтадан жібітіңіз де алдын ала өңдеу және жуу қадамдарын қайталаңыз.

Ескірген және кеуіп кеткен дақтарды маталар мен тоқыма бұйымдарының ерекше түрлерінен кетіру

Өз киіміңізбен бір нәрсе істер алдында, оның машинамен жууға жарамды болғанына көз жеткізу үшін киімдегі заттаңбаны ылғи тексеріп жүріңіз. Сәтен, жүн және жібек сияқты кейбір маталарға қолмен жуу талап етіледі. Осы жағдайда дақкетіргіш және жуғыш құрал ретінде әрқашан да Perwoll Wool пайдаланып жүріңіз.

Ескірген және кеуіп кеткен дақтардың әр түрлері

Сізге кетіруге тура келетін бірнеше дақ түрлері бар, олардың ішінде ескірген және кеуіп кеткен дақтар бар:

  • қан
  • шоколад
  • кофе және шай
  • балауыз бор және балауыз
  • дезодорант
  • бояулардан және бояғыштардан қалған дақтар
  • май
  • тер және қолтық астындағы дақтар
  • косметика
  • қалам және сия

... және көптеген басқа. Дақты кетіру рәсімін бастар алдында, алдымен сіз тура келетін дақтар түрін анықтаңыз. Май негізіндегі, су және протеин негізіндегі дақтар бір бірінен ерекшеленеді, және ескіреген және кеуіп кеткен дақтарды кетіру үшін түрлі амалдар талап етілу мүмкін.

Маталардың әр түрлеріндегі кеуіп кеткен дақтар

Мақта және зығыр сияқты кейбір маталардың кеуекті құрылымы бар және олар басқаларға қарағанда көбірек назар беруін талап ету мүмкін. Мысалы, осы маталарды жуған кезде сіздің талшықтарға терең сіңу және кеуіп кеткен дақты толығымен жібіту үшін Persil жуғыш құралына қосымша уақыт беруіңізге тура келеді.

Егер Сіз киіміңізде ескірген немесе кеуіп кеткен дақты тапсаңыз, үмітті үзбеңіз. Көптеген дақтардан, тіпті олар кеуіп кеткеннен кейін де, құтылу тәсілдері бар.

  • ЖҚС

    ЖҚС

  • Кір жуу туралы кеңестер

    Кір жуу жөніндегі пайдалы кеңестер

  • ЖҚС

    ЖҚС

  • Кір жуу туралы кеңестер

    Кір жуу жөніндегі пайдалы кеңестер

Қосымша өнімдер

  • Vernel-ден Балғындық гелі

    Persil Vernel-дің Тазалығы гелі

  • Color кір жуғыш ұнтағы

    Persil Көктемгі Балғындық кір жуғыш ұнтағы

  • FbV кір жуғыш ұнтағы

    Persil Vernel-дің Тазалығы кір жуғыш ұнтағы

  • Vernel-ден Балғындық гелі

    Persil Vernel-дің Тазалығы гелі

  • Color кір жуғыш ұнтағы

    Persil Көктемгі Балғындық кір жуғыш ұнтағы

  • FbV кір жуғыш ұнтағы

    Persil Vernel-дің Тазалығы кір жуғыш ұнтағы

Latest articles

  • Киімнен және маталардан сәндік косметикадан және далаптан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

    Киімнен және маталардан сәндік косметикадан және далаптан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

  • Тер дақтарын жейдеден қалай кетіруге болады

    Тер дақтарын жейдеден қалай кетіруге болады

  • Тоттан қалған дақтарды киімнен және маталардан қалай кетіруге болады

    Тоттан қалған дақтарды киімнен және маталардан қалай кетіруге болады

  • Киімнен және маталардан сәндік косметикадан және далаптан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

    Киімнен және маталардан сәндік косметикадан және далаптан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

  • Тер дақтарын жейдеден қалай кетіруге болады

    Тер дақтарын жейдеден қалай кетіруге болады

  • Тоттан қалған дақтарды киімнен және маталардан қалай кетіруге болады

    Тоттан қалған дақтарды киімнен және маталардан қалай кетіруге болады