Skip to Content

Шоколадтан қалған дақтарды киімнен және маталардан кетіру

Көпшілігіміз мезгіл-мезгіл шоколад жеуді ұнатамыз, әсірісе біздің балаларымыз. Дегенмен тәтті қуаныш заттардың бетіне былш етіп өкініш тудыратын дақтарға оңай айналу мүмкін. Егер Сіз шоколадтан қалған дақтарды киімнен кетіру мәселесіне тап болсаңыз, міне, Сізге оны жеңіп шығуға көмектесетін бірнеше кеңес.

Шоколадтан қалған дақтарды киімнен және маталардан кетіру

Шоколадтан қалған дақтар түрлері

Шоколад балмұздағы, шоколад сүті, шоколад тұздығы, шоколад бәліші - шоколадтан дайындалатын тәтті тағамдар тізімі шексіздікке дейін жалғаса береді. Және тіпті Сіз киіміңізді дақтардан сақтау үшін бар күштеріңізді салсаңыз да, олардан қалай құтылуға болатынын білу өте маңызды. Бақытқа орай, жағымсыз қоңыр дақтарды кетіру қиын емес.

Шоколадтан қалған дақтарды кетіру: қадамдық нұсқаулық

Дақты кетіруге кірісер алдында бұйымыңыздың заттаңбасындағы ақпаратпен танысыңыз. Сосын төменде ұсынылған ұсынымдарды орындаңыз.
 
  1. Матаның бетінен шоколадтың артығын кетіріңіз.
  2. Затты теріс аударыңыз және ластанған орынды суық сумен шайып жіберіңіз.
  3. Өңделетін матаның түріне сәйкес Persil кір жууға арналған құралын таңдаңыз.
  4. Өнімнің заттаңбасында көрсетілген мөлшерлеу бойынша ақпаратты мұқият оқып біліңіз.
  5. Бұйымның заттаңбасындағы ақпаратты басшылыққа алып кір жуу режимін таңдаңыз.
  6. Киімнің ластанған жерлерін алдын ала өңдеңіз.
  7. Бұйымның затбелгісіндегі ақпаратқа сәйкес киімді рұқсат етілген температурада жуыңыз.
  8. Дақтар іздерінің қалмағанын тексеріңіз.

Кешеуілдемей әрекет етіңіз

Матадан шоколадтан қалған дақтарды із қалдырмай кетіру үшін, ең алдымен, затты оның артық бөлшектерінен тазартыңыз. Сосын киімді теріс аударыңыз және дақты сыртқы жағынан суық ағын сумен жуып шығыңыз. 

Кір жууға арналған құралды таңдау

Кір жууға арналған құралды матаның түріне және түсіне сәйкес таңдау керек.

  • Ақ және ақшыл заттар үшін Persil Vernel ұсынған Балғындық, Persil Лаванда және Persil Көктем Балғындығы топтамалардан шыққан құралдарын пайдаланыңыз.
  • Түрлі-түсті заттар үшін Persil Color немесе Persil Color Vernel ұсынатын Балғындық топтамаларынан шыққан құралдарды пайдаланыңыз.
  • Нәзік күтім жасауды талап ететін маталар жағдайында Perwoll кір жууға арналған құралын пайдаланыңыз.

Persil Vernel ұсынған Балғындық кір жууға арналған құралы шоколадтан қалған сіңіп кеткен немесе кеуіп кеткен дақтар жағдайында тиімді әсер етеді, дегенмен кір жуар алдында оттегі ағартқышын пайдалануға болатынын тексеріп алуын ұмытпаңыз (бұйымыңыздың затбелгісінде көрсетілген күтім көрсету бойынша ережелермен танысып алыңыз).

Дақтарды алдын ала өңдеу

Алдымен осы заттың кір жууға жататындығын тексеріңіз. Егер Сіз гельді пайдалансаңыз, Persil құралының кішкене көлемін дақ орнына жағыңыз және оның талшықтарға сіңіп кетуі үшін оны матаға ақырын сылап сіңіртіңіз. Сосын затты 15 минутқа жібітіңіз, мезгіл-мезгіл матадағы ластанған жерді жуып тұрыңыз.

Кір жуу және шаю

Киімнің затбелгісіндегі ақпаратпен танысыңыз және киімді ол үшін рұқсат етілетін температурада жуыңыз.. Кір жуу үшін тиісті Persil құралын қатты ластанған кір үшін көрсетілгенге тең мөлшерлемеде пайдаланыңыз.

Шоколадтан қалған дақтарды толығымен кеткенін тексеріңіз.

Кір жуғаннан кейін киімде дақтар іздерінің қалмағанын міндетті түрде тексеру керек. Егер нәтижесі қанағаттанғысыз болып қалса, жоғарыда берілген рәсімді ең басынан бастап қайталаңыз және (қажет болғанда)  Persil таңдалған кір жууға арналған құралының мөлшерлемесін, сондай-ақ жібіту рәсімінің ұзақтығын көбейтіңіз.

Шоколадтан қалған дақтарды киім мен маталардың ерекше түрлерінен кетіру

Көптеген жағдайда жоғарыда келтірілген кеңестер жейделердегі, шалбарлардағы және шұлықтардағы дақтарды жеңіп шығуға көмектеседі. Машиналық кір жууға жатпайтын (вискоза, жүн, табиғи немесе жасанды жібек сияқты материалдардан жасалған) заттардан дақтарды кетіру үшін оларды, Perwoll құралын пайдаланып, қол мен жуыңыз.

Ақ түсті киімнен шоколадтан қалған дақтарды қалай кетіру керек

Ақ жейдеден немесе шалбардан шоколадтан қалған дақтарды кетіргіңіз келе ме? Егер тиісті сақтықты танытпасақ, тәтті тағам ақ киімде қоңыр дақ түрінде біржолата қалу мүмкін. Шоколадтан қалған дақты заттан кетіру ең жақсы тәсілдерінің бірі ос ызатты қатты күйіне қайтарып көру болып табылады. Сол үшін бүлдірілген затты пластик пакетке салыңыз да ол жеткілікті мұздап қатқанынша тоңазытқыш камерада қалдырыңыз. Сосын қасықтың немесе жүзі кеткен пышақтың көмегімен шоколадты матадан қырып алыңыз.

Осылайша шоколадтың артық бөлшектерінен құтылып, әрі қарай жоғарыда берілген нұсқаулықтарды орындаңыз.

Шоколадтан қалған дақтарды кетірудің қиын жағдайлары

Егер шоколадтан қалған дақ сіңіп кеткен немесе кеуіп кеткен жағдайда, Сіз не істей аласыз? Осы мәселені шешу бірінші қарағанда көрінетіндей қиын емес. Құпиясы мынадай: кірді жылы суда жібітіңіз. Затты шоколадтан Persil кір жууға арналған құралы еріген ерітіндіде түнге қалдырыңыз, ал келесі күні оны жуыңыз. Дегенмен, дақты алдын ала жібітер алдында бұйымның заттаңбасындағы ақпаратпен мұқият танысыңыз.

Егер сіздің өміріңізде шоколад үшін орын бар болса, онда дақтар үшін де табылады. Кездейсоқ жаңсақтыққа сүйікті затыңызды біржолата бүлдіруге жол бермеңіз! Жоғарыда келтірілген кеңестерді пайдалансаңыз, Сіз осы мәселеден оңай құтыла аласыз.

  • ЖҚС

    ЖҚС

  • Кір жуу туралы кеңестер

    Кір жуу жөніндегі пайдалы кеңестер

  • ЖҚС

    ЖҚС

  • Кір жуу туралы кеңестер

    Кір жуу жөніндегі пайдалы кеңестер

Қосымша өнімдер

  • Vernel-ден Балғындық гелі

    Persil Vernel-дің Тазалығы гелі

  • Color кір жуғыш ұнтағы

    Persil Көктемгі Балғындық кір жуғыш ұнтағы

  • FbV кір жуғыш ұнтағы

    Persil Vernel-дің Тазалығы кір жуғыш ұнтағы

  • Vernel-ден Балғындық гелі

    Persil Vernel-дің Тазалығы гелі

  • Color кір жуғыш ұнтағы

    Persil Көктемгі Балғындық кір жуғыш ұнтағы

  • FbV кір жуғыш ұнтағы

    Persil Vernel-дің Тазалығы кір жуғыш ұнтағы

Latest articles

  • Киімнен және маталардан бояуды және түрлі-түсті дақтарды қалай кетіруге болады

    Киімнен және маталардан бояуды және түрлі-түсті дақтарды қалай кетіруге болады

  • Тер дақтарын жейдеден қалай кетіруге болады

    Тер дақтарын жейдеден қалай кетіруге болады

  • Киімнен және маталардан кофе немесе шайдан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

    Киімнен және маталардан кофе немесе шайдан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

  • Киімнен және маталардан бояуды және түрлі-түсті дақтарды қалай кетіруге болады

    Киімнен және маталардан бояуды және түрлі-түсті дақтарды қалай кетіруге болады

  • Тер дақтарын жейдеден қалай кетіруге болады

    Тер дақтарын жейдеден қалай кетіруге болады

  • Киімнен және маталардан кофе немесе шайдан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

    Киімнен және маталардан кофе немесе шайдан қалған дақтарды қалай кетіруге болады