Киімнен және маталардан қан дақтарды қалай кетіру керек

Қан дақтары біз үшін жиі толық күтпегендікке айналады. Сәбиіңіз құлап тізесін сырып алды ма? Қырынған кезде теріңізді тіліп алдыңыз ба? Егер сіз киіміңізді қанмен былғап алсаңыз, ол қайтымсыз бүлдірілді дегенді білдірмейді. Бар болғаны бірнеше оңай іс-әрекет сізге еш күш салмай қан дақтарынан құтылуға көмектеседі.

Киімнен және маталардан қан дақтарды қалай кетіру керек

Қан дақтарының түрлері

Киімді қанмен былғап алу оңай (бұл баланың мұрны қанағаны болсын, сіз асқа дайындап тазалаған балықтың қаны болсын, немесе мерзімді қан кетулер болсын), дегенмен мұндай дақтарды кетіру күрделі мәселе болып көрінеді, әсіресе егер олар ескіреген болса. Егер сізге киімнен жануарлардың қанын,  етеккір немесе мерзімді қан аққан дақтарын немесе тіпті Хэллоуин құрметіне өткізілген кештен кейін зомби костюмінен жасанды қанды кетіру қажет болса, істі кейінге қалдырмай, бүлдірілген затты мүмкіндігінше тезірек жуып алу керек.

Қан дақтарын кетіру: Қадамдық нұсқаулық

  1. Киім матасының түріне және түсіне сәйкес Persil жуғыш құралын таңдаңыз.
  2. Матаны түстердің төзімділігіне тексеріп, заттың алдын ала өңдеуін жүргізіңіз.
  3. Затты бірден жуып шығыңыз.
  4. Дақтың толығымен кеткеніне көз жеткізіңіз.
  5. Қажет болған кезде кір жуу рәсімін қайталаңыз.

Тиісті жуғыш құралды таңдаңыз

Жуылуы қажет болған зат матасының түріне және түсіне сәйкес Persil жуғыш құралын таңдаңыз. Қан дақтарын кетіру және ақ түсті киімді жуу үшін Vernel-ден Балғындық гелі құралын пайдаланыңыз. Түрлі-түсті заттар үшін Persil Color Gel пайдаланыңыз. Perwoll Wool құралы аса күтіммен жууды талап ететін, яғни жүн және жібек сияқты материалдардан тігілген, қолмен немесе кір жуғыш машинада қол жуу режимінде жууды керек ететін киімнің жағдайында ең тиімді әрекет етеді. Киімнің затбелгілеріндегі нұсқаулармен мұқият танысыңыз және осы нұсқаулықтарды бұлжытпай орындаңыз.

Қан дақтарын алдын ала өңдеу

Заттарда немесе киімде қан дақтары пайда болған жағдайда оларды бірден жуып шығу керек. Матадағы былғанған жерден қанды барынша жою үшін, оны суық суда жуыңыз. Ыыстық суды пайдаланбаңыз! Әйтпесе қан ұйып қалады да матаға сіңіп кетеді, сол себептен дақты кетіру мүмкін емес болады.

Сосын даққа Vernel-ден Балғындық гелі (ақ түсті киім үшін), Persil Color Gel (түрлі-түсті киім үшін), немесе Perwoll (күтіммен жууды талап ететін маталар үшін) гелінің кішкене мөлшерін жағып, оны ақырын матаға сіңдіріп, матадағы қажетті жерді алдын ала өңдеңіз де 5 минутқа қалдырыңыз.

Түрлі-түсті маталар жағдайында заттың көрінбейтін жерінде түстердің төзімділігіне тест әрқашан жүргізу қажет.

Кір жуу және шаю

Дақты алдын ала өңдегеннен кейін, затты сіз таңдаған Persil кір жууға арналған құралымен жуып шығыңыз.

Кір жуу режимін 30°C немесе 40°C температурасына орнатыңыз да былғанған затты жуып шығыңыз. Кір жууға арналған құралдың мөлшері қатты ластанған киім үшін көрсетілген мөлшерге сәйкес болуға тиіс.

Заттарды дақтардың жоқтығына тексеру

Жуылған киімді кептіргішге салар алдында міндетті түрде дақтың кеткенін тексеріңіз. Егер затта қан іздері қалса, былғанған матаны алдын ала өңдеу рәсімін қайталаңыз.

Қиын кетірілетін немесе сіңіп кеткен дақтар жағдайында затты Persil құралынан дайындалған ерітіндіде 10-30 минутқа жібітіп, сосын кір жууды қайталап шығу қажет.

Төсек-орын тысынан және маталардың басқа түрлерінен қан дақтарын кетіру

Жоғарыда көрсетілген ұсынымдар жейдеден немесе джинстен қан дақтарын кетіруге көмектеседі. Дегенмен, егер сізге жаймадардағы, монша, төсек-орын тысындағы немесе іш киімдегі қан іздерінен құтылу керек болса, не істеу керек? Көпшілік жағдайда жоғары ұсынылған қадамдар заттың түріне қарамай қан дақтарына қарсы күресте тиімді болып табылады.

Әйткенмен, матаның кейінгі өңделуі алдында оны түріне назар аудару керек. Олардың кейбіреулері (мысалы, жібек, полиэстер, тері және зығыр) күтіммен кір жууды талап етеді. Алдын ала өңдеу немесе кір жуу алдында сіз таңдаған дақ кетіргіштің осы маталармен пайдалана алатынына көз жеткізіңіз. Егер дақтарды кетіру үшін сізге тұз, ас содасы немесе сірке суы сияқты табиғи үй құралдарын пайдалануына кеңес берсе, мүмкіндігінше олай жасамаңыз. Жоғары айтылған заттардан бөлек, Persil жуғыш құралдары сіздің киіміңізді машинамен жуу және тазарту үшін арнайы әзірленген, сондықтан кір жуғыш машинаның резеңке, металл немесе пластмасс бөлшектерімен байланысу кезінде мүлдем қауіпсіз.

Қан дақтарын кетірудің қиын жағдайлары

Ескіреген қан дақтарын жаңа дақтарға қарағанда кетіру әлдеқайда қиынырақ. Ал дәлірек айтсақ, іс жүзінде мүмкінсіз болып көрінеді, егер қолыңыздың астында Persil сияқты, кеуіп кеткен дақтардың "жаңартуына" себепші болатын және осылайша олардың кетіруін мүмкін қылатын керекті кір жуғыш құралы болмай қалса. Затты Persil құралы еріген жылы суда бір сағатқа жібітіңіз. Сосын затты шығарыңыз, оны дәл сол жуғыш құралмен алдын ала өңдеңіз де суық суда жуып шығыңыз. Осы жуғыш құралды жүн, жібек немесе айрықша күтіммен кір жууды талап ететін басқа маталар үшін пайдаланбаңыз. Осы жағдайда сізге Perwoll көмектеседі.

Хэллоинге грим ретінде пайдаланылатын жасанды қан да кір жуға кезде қиындықтарды тудыру мүмкін. Алдымен былғанған киімді таза ақ матамен құрғағанша сулау керек. Сонымен қатар, егер пайдаланылатын грим жасайтын заттың құрамы қою болса, оны киімнен қасықтың көмегімен алдын ала  қырып алуға болады, содан кейін матаның былғанған жерін дақ кетіргішпен өңдеп, затты ол үшін барынша рұқсат берілетін температурада жуып алу керек.

Мұрыннан аққан қанға немесе күтпеген жағдайда басталған етеккірге киіміңізді бүлдіруге жол бермеңіз! Жоғарыда келтірілген кеңестер сізге қан дақтарынан жылдам құтылуға көмектеседі.

  • ЖҚС

    ЖҚС

  • Кір жуу туралы кеңестер

    Кір жуу жөніндегі пайдалы кеңестер

  • ЖҚС

    ЖҚС

  • Кір жуу туралы кеңестер

    Кір жуу жөніндегі пайдалы кеңестер

Қосымша өнімдер

  • FbV кір жуғыш ұнтағы

    Persil Vernel-дің Тазалығы кір жуғыш ұнтағы

  • Color гелі

    Гель Persil Color

  • Vernel-ден Балғындық гелі

    Persil Vernel-дің Тазалығы гелі

  • FbV кір жуғыш ұнтағы

    Persil Vernel-дің Тазалығы кір жуғыш ұнтағы

  • Color гелі

    Гель Persil Color

  • Vernel-ден Балғындық гелі

    Persil Vernel-дің Тазалығы гелі

Latest articles

  • Киімнен және маталардан сәндік косметикадан және далаптан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

    Киімнен және маталардан сәндік косметикадан және далаптан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

  • Тер дақтарын жейдеден қалай кетіруге болады

    Тер дақтарын жейдеден қалай кетіруге болады

  • Киімнен және маталардан кофе немесе шайдан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

    Киімнен және маталардан кофе немесе шайдан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

  • Киімнен және маталардан сәндік косметикадан және далаптан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

    Киімнен және маталардан сәндік косметикадан және далаптан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

  • Тер дақтарын жейдеден қалай кетіруге болады

    Тер дақтарын жейдеден қалай кетіруге болады

  • Киімнен және маталардан кофе немесе шайдан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

    Киімнен және маталардан кофе немесе шайдан қалған дақтарды қалай кетіруге болады