Кермек судан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

Су киімді былғамай, оны тазартуға тиісті зат болатын сияқты. Дегенмен, жейделерде, көйлектерде, қаптауыштарға судан қалған дақтар, кермек суға тап болғандар үшін айтарлықтай жиі кездесетін жағдай. Олардан, әсіресе ақ түсті киімдегілерден, құтылу үшін не істеу керектігін түсіну маңызды.

Кермек судан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

Кермек судан қалған дақтарға шолу

Құрамында көп кальций, магний және марганец бар су кермек болып есептеледі. Егер мұндай суда киімді жусақ, ол сарғыш немесе ластанған болып көрінеді. Сонымен қатар, әсіресе қара киімде, ақ сабын аққан дақтар көріну мүмкін, бұл қосымша шаюды талап етеді. Судың кермек болғанын оңай тексеріп анықтауға болады.

Кермек судан қалған дақтарды кетіру: қадам-қадаммен

Егер сізде кермек судан қалған дақтар болса, төмендегідей әрекет етіңіз:

  1. Persil жуғыш құралын алыңыз.
  2. Киімді жуғыш құрал мен судың қоспасында жібітіңіз.
  3. Кір жуу
  4. Дақтың кеткеніне көз жеткізіңіз.

Жуғыш құралды таңдаңыз.

Кермек судан қалған дақтарды түрлі-түсті киімнен кетіру үшін ең жақсы нұсқа Persil Color немесе Persil Color Gel болып табылады. Ақ мата үшін Persil Universal немесе Persil Power Gel жақсы жұмыс істейді. Нәзік маталар үшін Perwoll Wool пайдаланыңыз.

Дақ орнын алдын ала өңдеу

Егер сіз көйлектегі немесе жейдедегі лас даққа тап болсаңыз, кішкене Persil жуғыш құралын жағыңыз да оны даққа ақырын сылап сіңіріңіз. Оны кір жуар алдында бірнеше минутқа қалдырыңыз. Егер киімде кермек судан қалған дақтар көп болса, Persil жуғыш құралын суық сумен араластырыңыз да киімді онда кемінде екі сағатқа жібуге қалдырыңыз.

Кір жуу және шаю

Persil жуғыш құралын пайдаланып әдеттегі түрінде жуыңыз.

Жуғаннан кейін дақты тексеріңіз.

Киімді кептірер алдында дақтардың толығымен кеткеніне көз жеткізіңіз. Егер кетпесе, осы қадамдарды қайталаңыз.

Кремек судан қалған дақтарды маталар мен тоқыма бұйымдарының ерекше түрлерінен кетіру

Сонымен, егер кермек судан қалған дақтар тек құрғақ химиялық тазартуға жарамды бұйымдарда немесе жууға жатпайтын заттарда, мысалы, матрастарда, жалюзиде немесе қаптауышта пайда болса не істеу керек? Дақтарды өңдеңіз. 2 тостаған суды және жарты тостаған Persil жуғыш құралын тозаңдатқышы бар бөтелкеде араластырыңыз. Кермек судан қалған дақтарды бүркіп жіберіңіз және таза ақ сүлгімен сүртіп алыңыз.

Егер мата нәзік болса және ол үшін қолмен жуу керек болса, жуғыш құрал және дақтарды кетіруге арналған құрал ретінде Perwoll Wool пайдаланыңыз. Кір жуған кезде, бұл қолмен жуу болсын немесе машинамен жуу болсын, кез келген басқа затты қосқанда абай болыңыз. Ағартқыш кермек судан қалған дақтармен күресу үшін пайдалы болу мүмкін, дегенмен полиэстер және мақта сияқты кефбір маталарды бүлдіру мүмкін.

Ақ киімдегі кермек судан қалған дақтарды кетіру

Кермек судан қалған дақтар ақ киімде айтарлықтай жиі көрінеді, дегенмен егер жылдам әрекет етсеңіз, жоғарыда келтірілген қадамдарды пайдалансаңыз, дақтардан құтыла аласыз. Кір жуғаннан кейін салыстыру үшін дақтар болған киімді аппақ киімнің жанына қойыңыз. Ол бұрынғыдан айтарлықтай жақсы болуға тиіс және еш дәрежеде сарғыш болмауға тиіс; дегенмен қардай аппақ жарқырауды толығымен қалпына келтіру ешқашан болмайды.

Кермек судан қалған дақтармен қиындықтар бар ма? Осы қадамдық нұсқаулықтар олардан тез құтылуға көмектеседі.

  • ЖҚС

    ЖҚС

  • Кір жуу туралы кеңестер

    Кір жуу жөніндегі пайдалы кеңестер

  • ЖҚС

    ЖҚС

  • Кір жуу туралы кеңестер

    Кір жуу жөніндегі пайдалы кеңестер

Қосымша өнімдер

  • FbV кір жуғыш ұнтағы

    Persil Vernel-дің Тазалығы кір жуғыш ұнтағы

  • Vernel-ден Балғындық гелі

    Persil Vernel-дің Тазалығы гелі

  • Color кір жуғыш ұнтағы

    Persil Көктемгі Балғындық кір жуғыш ұнтағы

  • FbV кір жуғыш ұнтағы

    Persil Vernel-дің Тазалығы кір жуғыш ұнтағы

  • Vernel-ден Балғындық гелі

    Persil Vernel-дің Тазалығы гелі

  • Color кір жуғыш ұнтағы

    Persil Көктемгі Балғындық кір жуғыш ұнтағы

Latest articles

  • Шырыннан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

    Шырыннан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

  • Киімнен және маталардан кофе немесе шайдан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

    Киімнен және маталардан кофе немесе шайдан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

  • Куркумадан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

    Куркумадан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

  • Шырыннан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

    Шырыннан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

  • Киімнен және маталардан кофе немесе шайдан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

    Киімнен және маталардан кофе немесе шайдан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

  • Куркумадан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

    Куркумадан қалған дақтарды қалай кетіруге болады